Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Үлкен рахмет айтамыз

 

IMG-20181115-WA0001
IMG-20181115-WA0000
IMG-20181115-WA0002
IMG-20181115-WA0003
IMG-20181115-WA0004
IMG-20181115-WA0005
IMG-20181115-WA0006
IMG-20181115-WA0007
IMG-20181115-WA0008
IMG-20181115-WA0012

2018 жылдың 14 қарашасында  ҚАЕУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын өткізілетін «Донор Күні»  акциясына қатысты. Іс-шараның абыройы үстем және әр жыл сайын оның қатысушыларының саны артып келеді.

Бұл күні ҚАЕУ бас ғимаратының медициналық кабинеті тосыннан қан құю станциясына  айналды.  Студенттер мен оқытушылар  таңертеңнен бастап қан тапсырып, игі іс жасауға асықты. Бірақ, ең алдымен әрбір еріктілерді  дәрігердің тексеріп-қарауы күтті: гемоглобинді тексеру, қысымды өлшеу, қан тобы мен резус-факторын анықтау. Өз  қанының  бір бөлшегімен бөліскен батырларды ешкімді назардан тыс қалдырмай, қолдау көрсеткен жайдары және қамқор еріктілер қоршады.

«Донор Күні» акциясын біздің университеттің дәстүрі деп айтуға болады. Жылдан жылға ҚАЕУ студенттері, оқытушылары және қызметкерлері қызығушылықпен белсене қатысады, осы жылы 47 адам қан тапсырды. Көбінің бұған шешім қабылдағаны бірінші рет емес» - деп атап өтті «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Галина Анатольевна Мензюк.

Бұл күні ҚАЕУ донорлары үшін Қазақстан Республикасы Қызыл жарты Ай Қоғамының ШҚ филиалы мерекелік үстел жасады. Барлық донорлар қан тапсырғанға дейін және кейін тату компаниямен тәттілермен шай ішті.

Қан тапсырғаннан кейін өз әсерлерімен екінші курс студенті Казак Ирина Викторовна бөлісті:  «Бірінші рет қан тапсырдым, шынымды айтсам, аздап қорқынышты болды. Менің таңқалғаным, барлығы өте қарапайым және ауыртпалықсыз өтті. Тіркеуді, тексеруді және тікелей тапсыру рәсімін қамтитын бүкіл үрдіс жарты сағаттан аспайды. Қан орталығының қызметкерлері донорларды барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, жағымды және еркін жағдайды жасайды, сондықтан бәрі тез, позитивті өтеді, ал ҚР Қызыл жарты Ай Қоғамы ШҚ филиалының еріктілері бізге тәттілермен тәтті шай ұсынды».

Бұл күні өткен акциядан алған барлық сезімдердің нағыз бейнесі ҚАЕУ студенттері «Шығыс Қазақстан облысының  қан орталығы» ШЖҚ КМК-на сыйға тартқан  студенттік қабырға газеті болды. Атап айтқанда, онда осындай жазбалар болды: «Қан орталығы - жарайсыңдар!», «Жақсылық жаса!», «Көмектескенімді сезіну ғанибет!» және «Алақай! Мен донор!».

Өз кезегінде «Шығыс Қазақстан облысының  қан орталығы» ШЖҚ КМК  басшылығы Қазақстан–Американдық еркін университетінің президенті, ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Ережеп Альхаирович Мамбетказиевке ұзақ және жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді. Біз арамыздағы орныққан серіктестік қарым-қатынастар мен өзара түсіністікті жоғары бағалаймыз.

Ақысыз қан донорлығын дамыту және насихаттау ісіне белсенді үлес қосқаны үшін, сондай-ақ осындай қайырымдылық акцияларын өткізу кезінде баға жетпес көмегі үшін ҚАЕУ-нің ректоры, философия докторы Айдар Ережепович Мамбетказиевке үлкен рахмет айтамыз.

Сіздерге табысты кәсіби дамуды тілейміз!

ҚР Қызыл жарты Ай Қоғамы ШҚ филиалының директоры Арайлым Маратбековна Абилгалимоваға демеушілік көмек көрсеткені үшін рахмет.

Барлық донорларға  түсіністіктері,  қайырымдылықтары  үшін алғыс білдіреміз және зор денсаулық пен амандық тілейміз!

М.А.Мустафина 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru