«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы пәндерді оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілері» семинары

 

IMG-20181117-WA0020
IMG-20181117-WA0021
IMG-20181117-WA0016
IMG-20181117-WA0018
IMG-20181117-WA0019

2018 жылдың 17 қараша күні «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Едильбаева Гульжан Бакытбековна және Саданова Жанар Кабыкен-кызы университет оқытушылары мен педагогикалық мамандықтардың студенттері үшін «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы пәндерді оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинардың басты мақсаты – ҚР жаңартылған білім беру мазмұны  жағдайында оқытушылардың және болашақ мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалдық бағалау жүйесін енгізу. Олар жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы өзгерістер туралы түсіндіре отырып, әр педагогтың осыған дайын болуы үшін қажетті ақпараттармен бөлісті. Семинардың соңынан қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

«Педагогика және психология» кафедрасы