Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Уәлиев оқулары – 2018

IMG1542
IMG1497
IMG1505
IMG1507
IMG1520
IMG1530
IMG1536

ҚАЕУ Президенті ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да "Уәлиев оқулары-2018" халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясына қатысушылардың атына құттықтау сөз сөйледі.

"Қазіргі заманғы ғылым мен білімнің даму үрдістері" атты күн тәртібімен конференция 23-24 қарашада университеттің әр кездердегі басшыларының, қоғамдық қауымның, жоғары оқу орындары мен мектептердің ғалымдары мен педагогтарының қатысуымен өтті. Форум жұмысына Ресей, Түркия ғалымдары, ӨКПИ атақты ректорының ұлы Темір Уәлиев ("ХИМ-плюс" ЖШС Технологиялық даму департаментінің директоры, Шу қаласы) қатысты.

Бұл күні ӨКПИ тұңғыш және құрметті ректоры, химия саласындағы ірі ғалым, жоғары мектептің ұйымдастырушысы, профессор жұмаш Кәрімұлы уәлиевке көптеген ізгі тілектер айтылды. 

Пленарлық отырысты аша отырып, ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген университеттің тұңғыш және құрметті ректоры, академик Ережеп Мәмбетқазиевке бірінші сөз сөйлеу құқығын берді. 

- Профессор Жұмаш Кәрімұлы Уәлиевтың атын химия және жаратылыстану ғылымдары факультетіне беру орынды деп санаймын. – деп ұсынысты айтты, Ережеп Әлхайырұлы. - Сондай-ақ оқу жылының басында ШҚМУ тарихы туралы дәріс оқуды тәжірибеге енгізу дұрыс болар еді. Мұндай тәжірибе Қазақстанның, Ресейдің, АҚШ-тың, Сингапурдың және басқа да елдердің көптеген жетекші жоғары оқу орындарында тәжірибеленеді. 

Жұмаш Кәрімұлы әрдайым парасаттылық, кішіпейілділік пен даналықтың үлгісі болып қала бермек, деп атап өтті Ережеп Әлхайырұлы. 

- Мен қазір де оның университет тағдыры үшін толқуы мен алаңдаушылығын сезінемін. міне дәл осы бір талаппен біріккен бізді, екі басшыны жақындастырды: сабақтастықты сақтау және ортақ ісіміздің-шығыс қазақстан мемлекеттік университетінің лайықты болашағы үшін барлығын жасау.

ҚАЕУ Президенті басқа баяндамашылардың сөйлеген сөздерін талқылауға белсенді қатысты. Конференция аясында Ережеп Мәмбетқазиев пен Арыстан Ғазалиев (ШҚМУ бұрынғы ректоры) Абай атындағы Құрмет медалімен марапатталды. Сәрсен Аманжолов атындағы медалға Темір Уәлиев ие болды. Марапаттар Университеттің үздік студенттеріне берілді.

Жұртшылықпен байланыс орталығы 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru