Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АҚШ елшілігінің делегациясымен кездесу қаеу-де дүйсенбі, 26 қараша күні өтті

 

IMG1616
IMG1589
IMG1583
IMG1603
IMG1606
IMG1629
IMG1633
IMG1637

Делегация мүшелерін халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Әбілов таныстырды. 

Келіссөздерге Қазақстандағы АҚШ Уақытша Сенімді Өкілі Теодор Линг, БАҚ, мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі кеңесші Кристиан Райт, саясат мәселелері жөніндегі қызметкер Закари Бартер, саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Әлия Жантикина, баспасөз хатшысы Тоғжан Мұқатаева қатысты.

ҚАЕУ Президенті академик Ережеп Мәмбетқазиев Америка делегациясына сапарлары үшін алғысын білдіріп, АҚШ елшілерімен осындай кездесулер дәстүрге айналғанын атап өтті.

- Неге достықта болмас еді! – ол осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан-американдық серіктестік университеті құрылған бастаманың өзектілігін осылай атап көрсетті. 

Сандар мен фактілерде көпжылдық әріптестік қорытындыларының сипаттамасы берілген. Серіктестік басында тұрған және белсенді серіктестік қызметін жалғастырып жүрген Маршал Кристенсен, Дэниел Бэллллласт, Хью Холман және басқалардың қосқан үлестері аталды

Теодор Линг жауап сәлемдесуінде елімізде және шетелде танымал қазақстандық білім реформаторымен кездесу оларға үлкен құрмет екенін атап өтті. Делегация мүшелері ынтымақтастықтың түрлі қырларын, білім беру бағдарламаларын енгізу, көптілділікті дамыту және атап айтқанда, ағылшын тілін оқыту мәселелерін қозғады.  

ҚАЕУ-де американдық оқу бағдарламасының ерекшеліктері, инновациялық жоспарлар туралы университеттің бірінші вице-президенті Галина Конопьянова баяндады. Атап айтқанда, бүгінде зерттеу жұмыстарына көп көңіл бөлінеді, "американистика"мамандығын енгізу ұсынылды.

Мәселелерді талқылауға ҚАЕУ ректоры Айдар Мәмбетқазиев, халықаралық ынтымақтастық департаментінің менеджері Анна Кабардина қатысты. 

Келіссөздерден кейін делегация мүшелері ҚАЕУ оқу-әкімшілік  ғимаратында экскурсия жасады.

Жұртшылықпен байланыс орталығы 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru