Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Әдеби сайыстың жеңімпаздары

IMG-20181212-WA0003
IMG-20181212-WA0001
20181212104329

Үстіміздегі жылы мұзтаудың мұзбалағы, жерлес жазушы Оралхан Бөкей 75 жасқа толар еді. Осы орайда облысымызда әр түрлі шаралар, әдеби кештер мен жыр жүйріктерін сынаған мүшәйралар өтуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жүрген бұл шараларға ҚАЕУ студенттері де белсене қатысып жүр.

2018 жылдың 7 желтоқсанында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты қалалық ақындар мүшәйрасына қатысқан 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Тасқынбек Құндыз ІІ орынды иеленді.

Ал 11 желтоқсанда Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үркер ауып барады...» атты қалалық мүшәйрада тағы да біздің студентіміз Тасқынбек Құндыз жүлделі ІІІ  орынды иеленіп, смартфон алды.

Біз Құндызды құттықтап, шабытың шарықтай берсін демекпіз! 

 «Педагогика және психология» кафедрасы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru