Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ ЖЕКЕ КОЛЛЕДЖДЕРМЕН КОНСОРЦИУМЫ

 

IMG1814
IMG1782
IMG1786
IMG1788
IMG1797
IMG1801
IMG1805
IMG1809
IMG1813

Өткен бейсенбіде, 13 желтоқсан күні оны құру туралы шартқа қол қойылды

Мәжіліс залында колледж басшылары - Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж басшысы Марат Нұрғалиевті, "Квансон" Қазақстан-Корей колледжі басшысы Александр Журенконы, Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледжі басшысы Елена Фролованы, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі басшысы Ернар Иргебаевты ҚАЕУ Президенті, ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев құттықтап қарсы алды. Кездесуге ӨК ҚЭФ директоры Ерсайын Нәбиев, ҚАЕУ колледжінің директоры Марина Кикина қатысты.

ҚАЕУ бірінші вице-президенті Галина Конопьянова университетте оқу үдерісін автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету туралы айтып берді.     Кеңес жұмысына халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Дэниел Бэлллласт, кешкі-қашықтықтан және сырттай оқу факультетінің деканы Надежда Шефер қатысты.

Өңір ішінде оқу орындарының тиімді әріптестігін құру бойынша сындарлы пікір алмасу болды. Жинақталған тәжірибе алмасу, материалдық-техникалық зертханалық базаны бірлесіп пайдалану... Жаңғырту жағдайында жеке меншік колледждер басшыларының біліктілігін арттыру мәселесі маңызды болып қала береді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар білім беру қызметінің тиімділігін және мамандарды даярлау сапасын арттыруға қол жеткізу мақсатында консорциум құруға келісті.  Бұл консорциумға қатысушылардың әрқайсысы үшін  оқу-әдістемелік және ғылыми процестерде тиімді өзара іс-қимылды көздейді.

Ынтымақтастықтың нақты бағыттары анықталды. Бұл: 

- колледжде жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриаттың бірлескен бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;

- оқу бағдарламасын жаңарту және оқыту әдістерін жаңғырту; 

- Тараптардың бірі өткізетін ғылыми конференцияларға, семинарларға қатысу;

-ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін уақытша ғылыми-зерттеу ұжымдарын ұйымдастыру;

- біліктілікті арттыру, тағылымдамаларды ұйымдастыру және сабақ өткізу мақсатында оқытушылармен алмасу;

-бірлескен семинарлар, шеберлік сабақтары тренингтерін және ғалымдар мен педагогтардың қарым-қатынасының басқа да түрлерін ұйымдастыру;

- бірлескен монографияларды жариялау;

- педагогикалық тәжірибені ұйымдастыру;

- кәсіптік бағдар беру жұмысы, ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасу және т. б.

Жұртшылықпен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru