Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2019 жыл

 tmb 152483 9358

Құрметті әріптестер мен студенттер!

2018 жыл тарихқа айналып, жаңа 2019 жыл келе жатыр.

Өткен жыл біздің студенттеріміздің, оқытушылар мен қызметкерлердің қуанышты табыстарымен, маңызды іс-шаралар мен оқиғалармен атап өтілді.

Осы жыл біз үшін жаңа оқу-әкімшілік ғимараты мен жатақхана есігін айқара ашқанымен есімізде қалады.

2018 жыл ҚАЕУ, ӨК ЭҚК колледждері үшін жаңа қоныс жылы болды. Материалдық база мен инфрақұрылымның осындай осындай жаңаруы, ұжымды жағымды күйге бөлейтініне сенеміз және де біз ертеңгі күнге сеніммен қараймыз.

 Алдағы 2019 жыл Қазақстандағы тұңғыш халықаралық серіктестік университетінің тарихы 25-жылдық атаулы күнге жақындап келе жатқандығымен ерекшеленеді.

Ширек ғасыр ішінде оның қабырғасында он мыңнан астам адам білім алды, біз ҚАЕУ-нің әрбір түлегі жетістіктеріне қуанамыз.  

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2019 жыл - ҚАЕУ-нің 25 жылдығымен құттықтаймыз!

Барлықтарыңызға денсаулық пен гүлдену, жақсылық пен бейбітшілік тілейміз!

Құрметпен,

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі
Ережеп Мәмбетқазиев
ҚАЕУ ректоры, PhD докторы
Айдар Мәмбетқазиев
Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru