Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ- дегі демалыс: үш күндік ұстаздық өмір

 

111
2
7
IMG5075
IMG5104
IMG5269
IMG5331
IMG5333
IMG-20190103-WA0023
IMG-20190103-WA0029
IMG-20190104-WA0010
IMG-20190104-WA0014
IMG-20190105-WA0013

2019 жылдың 3-5 қаңтар аралығында университетімізде Шығыс Қазақстан облысы бойынша мектептердің 9-11 сынып оқушыларына арналған «ҚАЕУ-дегі демалыс» бағдарламасы өткізілді. Шара шеңберінде болашағын педагогика саласымен байланыстыруды жоспарлап отырған оқушылар мамандық әлеміне енуге мүмкіндік алды.

Алғашқы күні педагогиканы таңдаған оқушыларға арналған «Сөз мерген» квест ойыны ұйымдастырылды. Командалық ойын барысы оқушылар бірлесе отырып, түрлі тапсырмаларды сын тұрғысынан шешуге, логиканы жұмсауға, тілдік құзіреттіліктерін тексеруге бағытталды.

Қарым- қатынас – күрделі құбылыс. Қарым-қатынасты тиімді жүргізе алмау белгілі бір коммуникативтік дағдының жоқтығының салдары болуы мүмкін. Айталық өзін нақты бір жағдайда дұрыс ұстау және сол жағдайға бейімделе алу қабілетінің жоқтығы. Сондықта да болашақ мұғалімдер үшін ойын компоненттері мен белсенді тыңдау техникасын пайдалана отырып, тиімді қарым-қатынас орнату тәсілдерін меңгеруге арналған «Коммуникативті дағдыларды дамыту тренингі» өткізілді.

4 қаңтарда «Қолы шебер» дидактикалық ойнына қатыса отырып, оқушылар өздерінің шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Содан соң оқушылар «Заманауи педагогтің конструктивті образын дамыту бойынша тренингке» қатысты. Аталмыш шарада оқушылар өзін-өзі тану, рефлексия, өзін-өзі сезіну дағдыларын жұмсай отырып, заманауи педагог тұлғасын құрастырды.

«ҚАЕУ-дегі демалыстың» қорытынды күнінде, демек, 5 қаңтарда қатысушыларға арнап «Зияткерлік сабақ» ұйымдастырылды. Бұл сабақта оқушылар педагогикалық жағдаяттарды, кейстерді шешуге белсенді қатысты. Үш күндік шараға қатысушылар өздерін педагог ретінде сезінуге мүмкіндік алып, мұндай демалыс өз таңдауларын бекітуге септігін тигізгенін атап өтті.

 «Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru