Ұрпақтар сабақтастығы

I3B2UFrXa3A

2019 ж. 24 қаңтар күні сағат 15.00 А.С.Пушкин атындағы кітапханада Шығыстың қарымды қаламгері Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевтың жастармен кездесуі өтті. Кеш «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы және Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында облыстық кітапхананың Білім орталығы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының бастамасымен өткізілді.Шараға ҚАЕУ студенттері қатысты.

Кездесуде белгілі ақын, жазушы, журналист Ә.Қаңтарбаев жастармен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті. Жастардың көңіліндегі шығармашылық ізденіске байланысты шешімін таба алмаған сауалдарына жауап беріп, осы жолда ізденісте жүрген жастарға бағыт-бағдар берді. Іс-шара әнмен әрленіп, жазушы шығармашылығынан көріністер қойылды.

«Педагогика және психология» кафедрасы