Қазақстан туристерді немен қызықтырады?

 

IMG1203
IMG1205
IMG1213
IMG1207

Бұл туралы Аризона штатынан (АҚШ)келген Хью Холлман ҚАЕУ студенттері және оқытушыларымен болған кездесуде айтты

ҚАЕУ негізін қалаушылардың бірі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Хью Холлман 25 жылдан астам уақыт университеттің белсенді серіктесі болып отыр. Алғаш рет Өскеменге 1993 жылы Темпе қаласының (Аризона штаты) мэрі лауазымында келеді. Бүгінгі таңда Хью қоғамдық-саяси, педагогикалық, еріктілік қызметте белсенді позиция атқарады. Құмарпаз жүгіруші болып жартылай марафондарға қатысады.

Біздің ғаламшарымыздың әрбір бөлігінің өзінің қайталанбас тартымдылығы бар және Қазақстан да өзіндік табиғаты, климатымен, қалалары мен шалғайдағы жерінің сұлулығымен, тарихы және мәдениетімен, әдет-ғұрпы және дәстүрімен, тағамы және қолөнерімен қызығушылық танытады.…

Қазақстанға келгендер үшін қандай бағдар болуы мүмкін?

Сіз Астанаға келіп қонасыз, сізді қарқынды дамып келе жатқан заманауи Астана қарсы алады. Бәйтерек монументі, Хазірет-Сұлтан мешіті, Бейбітшілік және келісім сарайы, Хан Шатыр ойын-сауық кешені, Дүниежүзілік көрме кешені Ехро…

Еліміздің оңтүстігінде Түркістан мен Шымкентте сіз Қазақстанның ежелгі тарихынының айқын көрінісін сезінесіз. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Есім хан, Абылай хан, Әбілхайыр хан қазақ хандарының мазарлары…

Іле Алатауы тау етегіндегі Қазақстанның ірі мегаполисі, ірі сауда және мәдени орталық, Алматы қаласындағы өмірдің сан алуан түрлілігі. Медеу мұз айдыны, мұражайлар мен киелі орындар.

Өскеменге келіп, сіз индустриалды аймақтың ерекшелігі мен Шығыстың бай табиғатын сезінесіз. Сібе көлдері, Алакөл, Катон, Марқакөл...Табиғи сауықтыру туризмі, альпинизм, жазғы және қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін барлық жағдай.

- Мен жер шарының барлық құрлықтарында болдым, тек Австралияда болған жоқпын. - Деп атап өтті Хью. - Ғаламшардың әрбір бұрышындағы өмір өзіндік ерекшелігі бар, бірақ барлық жерде адамдар өзінің әл-ауқатын жақсартуға және табиғатты қорғауға деген ұмтылысымен бірдей. Қазақстанның қолда барының бәрі, туризмді дамытуға кең жол ашады.

Жұртшылықпен байланыс орталығы