Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Оралхан Бөкей атындағы №44 қазақ орта мектеп- лицейінде болды

IMG2005
IMG1978
IMG1992
IMG1995

Топта маркетинг және қабылдау бөлімінің  менеджері Балжан Сәрсембаева, Орегон штаты (АҚШ), Портланд қаласыннан ҚАЕУ студенті Конор Стивс, "Психология" мамандығының екінші курс студенті Жексен Темірлан болды.

Кездесу екі бітіруші сыныптарда өтті. Балжан Сәрсембаева биылғы жылы өзінің 25 жылдығын атап өтетін Қазақстандағы тұңғыш халықаралық серіктестік университеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қандай мамандықтар мен артықшылықтар...  Тек ҚАЕУ-де қазақстандық және американдық оқыту бағдарламалары, қазақстандық және американдық дипломдар,  тіл иелерінің тілдік ортасындағы ағылшын тілі, АҚШ-та және басқа да шет елдерде кәсіби тәжірибе бар.

Бізде ҚАЕУ гранттары, күндізгі және қашықтықтан оқыту, басқа қалалардан келгендерге арналған жаңа жайлы жатақхана бар. ҚАЕУ түлектері қазақстандық және шетелдік жетекші компанияларда жұмыс істейді.

Мемлекеттік гранттың иегері Жексен Темірлан оңтүстік астанадан ҚАЕУ - ге оқуға келді.

- Неге мен ҚАЕУ таңдадым, менің Алматыда да үлкен таңдауым болса да. Бұл оқыту сапасы мен қолайлы оқу құны. Мұнда мен американдықтармен қарым-қатынаста ағылшын тілін жетік меңгере аламын және оның куәгері менің американдық досым Конер.

- Барлығына сәлем! Менің атым Конор Стивс, мен Орегон штатынан "Шет тілі" (екі шет тілі) мамандығы бойынша ҚАЕУ-де білім алуға шешім қабылдадым. Мен Өскемен қаласында бірнеше ай тұрып жатырмын, мұнда өзімді бөтен сезінбеймін, себебі ҚАЕУ-де көпшілік ағылшын тілін еркін меңгерген. Маған осы өлкенің тарихы, мәдениеті туралы көп айтылады және маған бұл өте қызықты.

Оқушылар сұрақтар қойып, оларға Балжан Сәрсембаевадан білікті түсініктемелер алды. Ұстаздар өз алғыстарын білдіріп, Оралхан Бөкей атындағы мектеп-лицей түлектерінің бірі - Қанат Сағидолдин екенін атап өтті. 

Жұртшылықпен байланыс орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru