ҚАЕУ Президенті Американдық медбикелермен кездесті

 

IMG2014
IMG2006
IMG2012-1

019 жылдың 25 ақпаны

АҚШ-тан келген Нортвест университетінің студенттері тобына арнаған өз құттықтау сөзінде ҚАЕУ Президенті академик Ережеп Мәмбетқазиев бірқатар жылдар бойы жалғасып келе жатқан жемісті ынтымақтастықпен қанағаттанатынын білдірді. Топ жетекшісі Данетт Вервортқа ерекше алғыс білдірілді, ол өз әріптестерімізбен бірге бізге бірінші жыл келіп жатқан жоқ. Өткен жылдың мамыр айында Данетт Верворт үлкен американдық делегацияның құрамында халықаралық жазғы Көшбасшылық академиясының жұмысына қатысты. Ол 21 мамыр күні ҚАЕУ-де басталды және Co-Serve International (АҚШ) ұйымымен, Борис Гринченко атындағы Киев университетімен, Ауғанстанның көшбасшылықты дамыту Институтымен (Герат қаласы) бірлесе отырып өткізілді.,

- Мен үшін бұл алғаш рет болды – Қазақстандағы ауған мәдениетімен танысуға мүмкіндіктің болуы, - деп атап өтті Данетт Верворт алғыс ретінде.

ҚАЕУ Президенті, өз кезегінде, дарынды студенттер форумы ретінде өткізілетін биылғы жылдың қыркүйек айында ҚАЕУ-нің 25 жылдығын мерекелеуге қатысуға өзінің ресми шақыруын жариялады.

Медбике-студенттер 11 ақпаннан 03 наурызға дейін Өскемен қаласының емдеу мекемелерінде тәжірибеден өтеді. Осы топтың құрамында Данетт Верворт, Диана Андрик, Мария Лианн Бергесон, Самуил Марк Блумштейн, Карисса Роуз Превитт бар. Бағдарламада – халықаралық тәжірибе, мәдени алмасу, ҚАЕУ оқу процесіне қонақ ретінде қатысу және Қазақстандағы орта медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және науқастарды күту жүйесімен танысу.

Нортвест университетінің (АҚШ) Мейірбике ісі факультетінің түлектері Өскемен қаласында болған кезде алған оң әсерлерімен бөлісті. Атап айтқанда, ҚАЕУ студенттер тобына ерекше алғыс айтылды, олар қонақтармен барлық жерде еріп жүрді және талқылауларды күрделі медициналық тақырыптарды аударуды тамаша меңгерген.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы