Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

АҚШ заңнамалық жүйесінің ерекшеліктері

 

MVI1316MOVsnapshot000820190222154314
MVI1335MOVsnapshot000020190222154400
MVI1340MOVsnapshot000720190222154414

Бұл тақырыпты Нью-Йорктен келген адвокат Адам Гроган (АҚШ) өз сөзінде ашып көрсетті. Заңтану мамандығының екінші жә»не үшінші курс студенттері американдық заңгерден АҚШ заңнамалық жүйесі қалай құрылғаны жайлы талдауды ести алды.

АҚШ-тағы мемлекеттік жүйенің ерекшелігі-ол штаттан федерацияға құрылған, керісінше емес. Бұл ретте әрбір штат федералдық үкіметке берілген өкілеттіліктерді қоспағанда, өз аумағында толық егемендікке ие. Штаттарда өз заңдарын қабылдайды, өз салықтарын анықтайды. Штаттардың Конституциясы мен заңдары АҚШ-тың жалпы Конституциясына қарағанда егжей-тегжейлі және жан-жақты жазылуы мүмкін, бірақ бұл ретте олар АҚШ-тың жалпы заңына қайшы келмеуі тиіс.

АҚШ-тың жалпы Заңы 1787 жылы қабылданған. Конституцияда билікті бөлу принципі салынған. Федералдық Үкіметтің заңнамалық, атқарушы және сот органдары бір-бірінен бөлек әрекет етеді.

Адам Гроган 230 жыл бойы Конституцияда болған өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл құлдықты жою,сайлаудағы құқық теңдігі, қорғауға тең құқылық және т.т. Биліктің барлық тармақтары мен деңгейлерінің ерекшеліктерін аша отырып, Адам Гроган қоғамның наразылығын тудырған, олардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, құқықтарын шектейтін заңдардың өзгерістеріне немесе толық күшін жоюға тоқталды. Бұл АҚШ-тағы демократия белгілері.

Сол күні Нью-Йорктен келген адвокат Адам Гроган Шетел тілі, Аударма ісі мамандықтарының екінші курс студенттеріне ағылшын тілінің заңдық терминологиясы бойынша сабақ өткізді.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru