Өзі және өз мамандығы туралы

 

IMG1946
IMG1960
IMG1955

АҚШ-тан келген медбике-практиканттар Диана Андрик, Мария Лианн Бергесон, Самуил Марк Блумштейн, Карисса Роуз Превитт айтып берді. Топ жетекшісі-Данет Верворт. Команданың тұсаукесері жұма күні 15 ақпанда өтті.

Биылғы сегізінші маусымда Сиэтл қаласының Нортвест университетінің студенттері (Вашингтон, АҚШ) 11 ақпаннан 02 наурызға дейін тәжірибеден өтеді. Бағдарлама-кездесулер, ҚАЕУ оқу процесіне қонақ ретінде қатысу, қалалық (№ 4) және облыстық ауруханаларда, қарттар үйінде практика. Олар науқастарды күту жүйесімен және орта медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырумен танысады. Сондай-ақ, олар спорттық іс-шараларға, қаланың мәдени орталықтарына барады.

22 ақпанда ҚАЕУ акт залында өтетін тұсаукесерде Northwest университетінің командасы Данет Верворт жетекшілігімен медициналық тәжірибенің өзекті мәселелерін талқылауға шығарады. Бұл:

- АҚШ емдеу мекемелерінде мейірбикенің рөлі мен міндеттерінің спектрі;

- дау-жанжалды жағдайлардың алдын алу құралы ретінде медицина қызметкерінің тиімді қарым-қатынас дағдылары және мінез-құлық этикасы;

- командадағы жанжалды жағдайларды және тұлғааралық қақтығыстарды басқару бойынша практикалық кеңестер.

Бұл тұсаукесерде негізгі тыңдаушылар Медициналық және стоматологиялық колледждердің студенттері болады.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы