Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Thank you very much, Gary Soper! It was very interesting with you!

IMG1392
IMG1365
IMG1367
IMG1387

Қала және аудан мектептері оқушыларының осындай алғысымен Гэри Сопермен екі сағат сұхбаттасулары аяқталды.

Балалар Орегон штатынан (АҚШ) тәжірибелі американдық педагогтың эмоционалдық риторикасын тамашалап, ағылшын дыбыстарының сапалы артикуляциясын сезіне алды – осының барлығы аудармашысыз сөйлесуге мүмкіндік берді. Гэри қуаныш бейнелеп, үстелден үстелге жүгіріп, Кириллмен, Софиямен, Даша, Асеммен әзіл көрініс ойнады ... - бұл жеңіл күлкі тудырды, олар алғаш рет көрген адаммен қарым-қатынастың жеңілдігін сезінді.

Сабақтың басында Гэри Сопер табысқа арналған ойын өткізді ("A Game for Success"). Барлық қатысушыларға карточкалар таратылды, олардың әрқайсысында сөздер болды және тапсырма сөздердің логикалық сәйкестілігін табу болды. Балалар өз әріптесін карточка бойынша іздеуде тапқырлық танытты.

Гарри осы әлемнің технологиялары қалай тез өзгереді деген мысалдар келтірді. Өткен 50-ші жылдардың жастары қарапайым сым телефондарымен байланысқан уақыт та болды. Бүгін ауысымға функционалдық мүмкіндігі соншалықты әр түрлі смартфондар келді, оны тек телефон ғана деп айтпайсың. Алайда бүгінгі жастар үшін бұл норма. Бірақ осы технологиялық прогрессте біз барлық ұрпақ үшін мәңгілік құндылықтарды дамыта білуіміз керек.

Балалар ынтамен сауалдар қойды, оған Гэри Сопер ықыласпен жауап берді.

Біз атап өткендей, Орегон штатынан сертификатталған мұғалім өзінің жыл сайынғы бағдарламасы аясында ҚАЕУ-ге келді. Осы бағдарлама наурыз айының басына дейін жалғасады. АҚШ педагогы ағылшын тілі, АҚШ географиясы және халықаралық қатынастар, балалар әдебиеті және әдеби аударма, журналистика бойынша тәжірибелік сабақтар өткізеді. Бағдарламада сондай-ақ испан тілі және "Шетел тілі"мамандығының студенттеріне арналған сабақтар бар.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru