«Жазба жүйесін өзгерту арқылы Қазақстанның ментальды-мәдени өркениеттік кодын өзгерту»

IMG-20190313-WA0010
IMG-20190313-WA0022

2019 жылдың 13 наурызында «Педагогика және және психология» кафедрасының меңгерушісі Нұрланова Әсем Нұрланқызы Риддер қаласында ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын тілдерді оқыту орталықтарының негізінде жүзеге асыру: аналитика мен болашаққа бағдар» атты облыстық семинардың негізгі баяндамашысы ретінде «Жазба жүйесін өзгерту арқылы Қазақстанның ментальды-мәдени өркениеттік кодын өзгерту» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында қатысушылар тілдік ахуалдың SMART сараптамасы, сандық жүйеге көшудің маңызы, тіл саясатын жүргізудің аналитикасы мен ІТ құралдары, үштілділікті қадағалаудың электронды базасы туралы баяндама оқып, идеяларын ортаға салды.

«Педагогика және психология» кафедрасы