Рухани жаңғыру: «Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары» сайысы өз мәресіне жетті

 

IMG-20190424-WA0027
IMG-20190424-WA0028

Облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Сыр - сұлтаны, жыр - тұлпары» атты Ә. Тәжібаевтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу сайысы да өз мәресіне жетті. Сайыс ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты  дарынды жастарға қолдау көрсетіп, халыққа таныту мақсатында, «Бір ел - бір кітап» Республикалық ақциясы аясында өткен болатын. 

19 сәуір күні өткен финалға мектеп оқушылары мен студенттерден 21 жасөспірім қатысты. Кітапханада жас таланттар ақынның отан сүйгіштікке, туған табиғатымызды аялауға, елімізді сүюге баулитын  өлеңдерін жатқа оқыды. 

Қатысушылар сөз зергері туындыларының лирикалық қаһармандарының ойлары, сезімдері мен толқуларын жан-жақты аша білді. Университетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Дәуренұлы Аян жүлделі 1-орынды қанжығасына байлады.

«Педагогика және психология» кафедрасы