Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақстандықтар ең еңбекқор ұлт болуы тиіс Қазақстандықтар ең еңбекқор ұлт болуы тиіс

Tokaev i sef

ҚАЕУ Президенті академик Ережеп Мәмбетқазиев Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге қатысты

Жұртшылықпен кездесу Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың колонналық залында өтті.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Шығыс Қазақстанның денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саладағы жетістіктері туралы атап өтті. Өңірді одан әрі дамытудың басымдылығы - шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлік бастаманы қолдау. Мемлекет басшысы бюджеттің шығыс бөлігін мұқият қайта қарау, мемлекеттік ақшаны жұмсауда басымдықтар бөліп қарау және артық ысырапқа жол бермеу қажеттігін атап өтті.

- Қазіргі жағдайда туризм индустриясы экономикалық өсудің маңызды драйвері және жаңа жұмыс орындарын ашу көзі болып табылады. – Деп атап өтті ҚР Президенті. - Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында негізгі туристік орталықтардың ондығына жыл сайын екі миллионнан астам туристерді тарта алатын Алакөл көлінің жағалауы кірді. Өткен жылы көптеген қазақстандықтар сервистің тиісті деңгейінің жоқтығына тап болды. Адамдар жергілікті автожолдардың өте нашар жағдайына шағымданды. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары басшылығының міндеті - қысқа мерзімде жолдарды жөндеу және ілеспе сервис деңгейін көтеру мәселесін шешу.

ҚР Президенті өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарын баяндай отырып, оның негізінде - Қазақстан халқының бірлігі бағытын жалғастыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік, еңбек адамына деген құрмет екенін атап өтті.

- Жемқорлық әлі де біздің қоғамымыздың ауыр дерті болып отыр. Өз тарапымнан осы жүйелі проблеманы шешу бойынша нақты күш-жігер жұмсауға ниеттенемін. Кез келген еңбек құрметті болуы тиіс. Қандай да бір мамандыққа немқұрайлы қарау болмауы керек. Қазақстандықтар ең еңбекқор ұлт болуы тиіс.

Кездесу ашық достық жағдайында өтті.

 Жұртшылықпен байланыс Орталығы

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru