Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының жұмысына қатысты

img 0259

Іс-шара ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен басталды.

Сессия – Бейбітшілік және келісім сарайында өтті, күн тәртібі - "Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғырту". Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінен 1 500 делегат және Ресей, Түркия, Қырғызстан, Германия елдерінен келген қонақтар қатысты. Олардың қатарында Ассамблея мүшелері мен ардагерлер, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, әкімдіктердің, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шетел мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының өкілдері және басқалар болды.

Қатысушылар алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

- Мен екі жыл бұрын бастау берген "Рухани жаңғыру" жобасы, оған әрбір қазақстандық қатыса алатындай етіп құрылған - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Қоғамдық сананы жаңғырту деп біз бүкіл қоғамның рухани және интеллектуалдық жаңаруын түсінеміз. Біз мықты және жауапты адамдардың біртұтас халқымыз, міне дәл осылай ойлау образы мен мінез-құлықты қайта құру қажет.

Келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толады деп атап өтті, Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде. 2020 жылы біз Конституциямыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл біз үшін маңызды және атаулы күндер. Біз осы жаңа межеге немен келгенімізді түсінуіміз және көрсетуіміз керек. Тәуелсіздіктің 27 жыл ішінде мен еліміздің нағыз бірлігі - патриотизмнің, өз жеріне және халқына, оның мәдениетіне, жалпы құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне деген сүйіспеншіліктің бекітілетініне анық көз жеткіздім.

Сессия жұмысы аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға Қазақстанның танымал таланттарының қатысуымен салтанатты концерт берілді.

Жұртшылықпен байланыс Орталығы

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru