Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ең үздік жас маман – 2019

 IMG 20190506 WA0026

2019 жыл «Жастар жылы» аясында, Алматы қаласының «MediaBilim» Республикалық журналы 15 наурыз 2019 ж. – 15 сәуір 2019ж. аралығында дарынды және талантты жастарға арнап «Жас маман-2019» атты Республикалық байқау ұйымдастырды. Бұл сайыстың мақсаты білімді де саналы, алғыр да қабілетті ұрпақты тәрбиелеу, әрі өсіп келе жатқан жастарды соған баулу.

Байқау онлайн түрде өткізілген 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең қазақ тілі пәні бойынша ғылыми жоба дайындау, екінші кезең «Рухани жаңғыру» тақырыбына арнап эссе жазу болса, үшінші кезеңі «Мен қазақпын» тақырыбында өлең жазу болған. Бұл байқауға әр өңірден 40-тан аса жастар қатысты. Сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдар және «Жастар жылы» төсбелгісімен марапатталды.

Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орынды Өскемен қаласы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Шакерова Аружан Даниярқызы иеленіп, арнайы диплом және төсбелгімен марапатталды.

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru