ҚАЕУ оқытушылары Республикалық семинарға қатысты

 

20190524093123
IMG-20190527-WA0024-1
IMG20190527120119
IMG20190527120059
IMG20190527120048
201905240930540
IMG3270
20190523093400

23-24 мамыр 2019 жылы «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары Нурланова А.Н., Едильбаева Г.Б., Тургумбаева Н.К. ҚР мәдениет және спорт министрлігінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тiл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинарға қатысты.

Екі күнге созылған семинарда латын графикасына негізделген емле ережелері бойынша таныстыру жұмыстары жүргізіліп, соңы тәжірибелік бөлімге ұласты.

Белсенді атсалысқан мамандар латын графикасын жеделдетіп меңгеруге осындай алдын алу жұмыстарының керектігі және тиімділігі туралы ой бөлісті.

«Педагогика және психология» кафедрасы