Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

КАСУ колледжінде 2012 жылдың 28-нен 30 май аралығында өткен мұғалімдердің біліктілігін көтеру курсы бойынша ақпарат

Туризм саласында кадрлар дайындау бойынша Салалық Кеңестің 2012 жылға жасалынып бекітілген жоспары бойынша КАСУ колледжінде «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету» мамандықтарының мұғалімдеріне арналған «Туризм және қонақ үй бизнесі : Индустрияны дамыту және кәсіптік білім» тақырыбында біліктілікті көтеру курсы өткізілді.

Курсқа «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету» мамандықтары бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер мен директорлардың оқу әдістемелік жұмысы бойынша орынбасарлары шақырылды.

Курс тыңдаушыларының алдынды «Ораторлық шеберлік» циклімен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ нен филология ғылымының кандидаты, доцент Абдуллина Люция Эльдаровна дәріс оқыды.

Курс программасын орындау барысында КАСУ колледжінің арнайы пән мұғалімдері Медведева М.С мен Сатиева А. М туризм пәндерінен мастер- класс көрсетті.

Және «Earth Travel» фирмасының директоры Юрченков М «Қазақстанға виртуальды саяхат» атты мультимедиялық жүйемен таныстырды.

 Арнайы пән мұғалімі Зимановская А.А оқу процесінде электрондық оқулықтарды қолданудың мүмкіндіктерін көрсетті.

 Курсты тыңдаушылар ғаламтор арқылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша туристік маршруттардың жобаларын жасады.

Туризм саласындағы мұгалімдердің біліктілігін көтеру курсы Өскемен қаласының тарихи маңызды жерлеріне экскурсиямен аяқталып, курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды. Қатысушылар курстың жоғарғы деңгейде өткізілгенін атап өтті.

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru