Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ҚАЕУ-дің кәсіптік бағдар берудің жаңа форматы: Күршім ауданы

1Pgy9JadX-g
0dCVYyTMLuw
09RxgUNh9eU
fRPUyjBv6vo
FX7LTvMRCFE
H3U9PW8zDrY
kvs2ZsGJpnw
LD-uQGwPP74
qVec2-s4ePQ-1
sLFQ86YO0sA
trpTCPmWIXA
Yn97J5qfnKc

Кеше, демек 2019 жылдың 22 қазанында ҚАЕУ өкілдері Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауылына кәсіптік бағдар беру жұмысының жаңа форматымен барып қайтты. Университеттіміздің мобильді тобы Күршім ауылының мәдениет үйінде мектеп оқушыларымен және ұстаздарымен кездесті. ҚАЕУ "Педагогика және психология" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрланова Әсем Нұрланқызы Қазақстан-Американдық Еркін университетімен таныстырып, оның тарихы мен білім беру бағдарламалары, кафедралар мен оқытуды ұйымдастыру барысы, қос дипломды білім алу және шетелде тағылымдамалардан, іс-тәжірибелерден өту мүмкіндіктері туралы баяндап берді. ҚАЕУ өкілдеріне американдық бағдарламада оқу, қос диплом алу, шетелдік тәжірибе мен тағылымдама мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойылды.

"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі Орақбаева Маржан Қабдулқанқызы "Педагогтардың эмоциялық күюінің алдын алу" тақырыбында мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг өткізді. Шара аяқталысымен түлектерге арнап «Мамандықтар әлемі» тақырыбында тағы бір қызықты тренинг ұйымдастырды.

Маркетинг және қабылдау бөлімінің менеджері Сәрсембаева Балжан 2020 жылы талапкерлерге ҰБТ өткізу, оның мерзімі мен университетке қабылдау ережелері туралы айтып берді. Университетпен танысу аясында оқушылар ҚАЕУ туралы фильм көрді, студенттеріміз Манатбеков Айбек пен Зайцев Дмитриймен сұхбаттасып, олардан студенттер орталығының жұмысы, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы, ҚАЕУ жатақханасында тұру, университеттің қиындықтары мен мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ басқа да көптеген сұрақтар бойынша мол мағлұмат алды. Студенттер оқушыларға арналған квест-ойынын өткізді. Сонымен қатар Нұрланова Әсем Нұрланқызы мен Сарсембаева Балжан оқушылармен  "Сөз мерген" ойынын өткізді.

ҚАЕУ аға оқытушысы, математика магистрі Бердібеков Азамат Бердібекұлы  "Бизнес" кафедрасының білім беру бағдарламалары, бітіруші түлектер, стажировкалар және білім алушылардың ғылыми қызметі туралы айтып берді.

"Педагогика және психология" кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Бақытбекова Балғын Бақытбекқызы "Өз құқығыңды біл" атты заңдық квест-ойынын өткізді, оған заң саласында білім алуды жоспарлап жүрген 11-сынып оқушылары қатысты.

Күршім ауданының оқушылары және мұғалімдеріне бізді жылы қабылдап, қонақжайлық танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз!

Фотосуреттерді дайындаған Комнев Кирилл.

Қоғаммен байланыс орталығы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru