Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Сахнадағы неміс тілі» бесінші мерейтойлық театр фестивалі

 

IMG-20191106-WA0004
IMG-20191106-WA0005
IMG-20191106-WA0006
IMG-20191106-WA0007

Биыл Гете Институты Республикалық неміс драма театрының қолдауымен «Сахнадағы неміс тілі» бесінші мерейтойлық театр фестивалін өткізді. Бірінші іріктеу кезеңі мамыр айынан қыркүйек айына дейін өтіп, оған Қазақстанның әр қалаларынан 20-ға жуық топ қатысты.

Балалар өз командасы мен ҚАЕУ-ді таныстыратын бейнепрезентация ұсынып,  Роланд Шиммельпфеннигтің "Женщина из прошлого" спектаклі үзіндісінен қойылым дайындады.

31 қазан мен 3 қараша аралығында Алматы қаласындағы қорытынды фестивальға қазылар алқасының шешімі бойынша 6 үздік команда, соның ішінде Елена Витальевна Шихотованың және Анна Александровна Осколкованың жетекшілігімен университетміздің "Freicheit" (Бондарь Виктория, Черкашина Анастасия, Бутакова Екатерина, Иконникова Анастасия, Просяной Илья және  Хаджиев Дени) тобы да кездесуге шақырылды.

Алматыда біздің студенттеріміз Абай атындағы опера және балет театрына экскурсияға барды. Сондай-ақ, театр және би өнерінің үздік шеберлерінің тренингтеріне қатысты.

Соңында әр команда сахнада өз театрлық пьесасын қойды. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фестивальдан кейін Vitamin.de неміс журналының редакторлары біздің командамыз бен Шихотова Елена Витальевнадан сұхбат алды.

ҚАЕУ-дің өнерлі студенттеріне алдағы уақытта да жеңіс тілейміз!

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru