









2019 жылы 12 қарашада Қазақстан-Американдық Еркін университетінің бас оқу ғимаратында Өскемен қаласының оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті.
Ашық есік күні-бұл университет өміріндегі ерекше күн. Оның басты мақсаты-мектеп оқушылары мен мұғалімдерін университетпен, факультеттермен және мамандықтармен таныстыру, оқу мен оқуға түсу туралы, білім беру бағдарламаларының артықшылықтары туралы айту. Бүгінгі қонақтарымыз ҚАЕУ-дің басқа ЖОО-ларынан айырмашылығы, оның ерекшелігі мен артықшылықтары, оқытудың одан арғы болашағы неде екені туралы біліп қайтты.
Іс-шараны ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА Академигі, Химия ғылымдарының докторы Ережеп Әлхаирұлы Мамбетқазиев ашты. Ол ҚАЕУ шаңырағына келіп отырған жас ұрпақты құттықтап, Қазақстан Республикасындағы бірінші халықаралық әріптестік университетінің қалыптасу жолдары, жоғары оқу орнымыздың мақтаныштары мен ұмтылысы туралы әңгімеледі.
Кәсіптік бағдар беруге университеттің кафедра меңгерушілері, белсенді студенттер, ҚАЕУ қызметкерлері мен шетелдік серіктестері қатысты.
Университеттің қонақтары болып қайтқан қаланың он бір мектебінің 100-ден астам түлегі болды. Олар "ҚАЕУ-мен танысу" интерактивті ойынына қатысып, болашақ мамандықты таңдау туралы психологтың дәрісін тыңдады, өздерін студент-заңгер рөлінде сынап көріп, бизнес кафедрасының оқытушыларымен "Интеллект-баттл" ойынын ойнады.
Өскемен қаласының оқушылары үшін «Ашық есік күніне» орайластырылған шаралар осы апта бойы жалғасын таппақ.
Қоғаммен байланыс орталығы
Жаңалықтар
-
"Алау-2019" Сыйлығы
2019 Желтоқсан 12 -
Creative Spark: HR-менеджмент бойынша шеберлік сағаты
2019 Желтоқсан 11 -
Арт-терапия: лабиринттегі серуен
2019 Желтоқсан 10 -
Creative Spark: жаңадан келушілерге арналған ән-күй сабағы
2019 Желтоқсан 09 -
Creative Spark: Қол өнері бойынша шеберлік сағаты
2019 Желтоқсан 09
Хабарландыру
-
2019 Қараша 08
Өскемен қаласы әкімінің "Алау-2019" сыйлығы туралы ереже
-
2019 Қыркүйек 23
Конкурс презентаций осень 2019
-
2019 Шілде 12
БАЙҚАУ