Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Ашық есік күні: сұрақ-жауап

T42A6634
T42A6578
T42A6581
T42A6593
T42A6602
T42A6606
T42A6615
T42A6618
T42A6703
T42A6706

2019 жылы 13 қарашада Қазақстан-Американдық Еркін университетінің басты оқу ғимаратында Өскемен қаласының 11-сынып оқушылары үшін екінші Ашық есік күні өтті. Іс-шараны ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА Академигі, Химия ғылымдарының докторы Ережеп Әлхаирұлы Мамбетқазиев ашты. Ол ҚАЕУ шаңырағына келіп отырған жас ұрпақты құттықтап, шетелдік серіктестермен орнаған ынтымақтастығымыз, ағылшын тілі мен компьютерлік технологияларды оқыту мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.

Кәсіптік бағдар беруге университеттің кафедра меңгерушілері, белсенді студенттер, ҚАЕУ қызметкерлері мен шетелдік серіктестер қатысты.

Университеттің қонақтары болып қайтқан қаланың он екі мектептің 200-ден астам түлегі "ҚАЕУ-мен танысу" интерактивті ойынына қатысып, болашақ мамандықты таңдау туралы психологтың дәрісін тыңдады, өздерін студент-заңгер рөлінде сынап көріп, бизнес кафедрасының оқытушыларымен "Интеллект-баттл" ойынын ойнады.

Кездесуге қатысқан қала мектептерінің педагогтарына психологиялық тренинг ұйымдастырылып, оны психология магистрі Вдовина Елена Николаевна жүргізді.

Бүгінгі күні Өскемен қаласының оқушылары үшін осы аптаның соңына дейін жалғасын табатын кәсіби бағдар беру іс-шараларының екінші күні болды.

Қабылдау комиссиясы бойынша 100 – ден астам сұрақ түсті. Олардың ішінде ең көп тараған сұрақтар - ағылшын тілінде білім алу мүмкіндіктері, білім грантын иелену, шетелде тәжірибеден өту, сонымен қатар ЖОО-ның ішкі өмірі, т.б.

Қоғаммен байланыс орталығы

 

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru