Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жексенбі күнгі кинокоучинг

IMG20191118113253883
IMG20191118113253882
IMG20191118113253884
IMG20191118113253886
IMG20191118113253890
IMG20191118113253903

17.11.2019 күні Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхананың қабырғасында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері Нұрсұлтан қаласынан келген филология ғылымдарының кандидаты, «Q-Orator» шеберлік орталығының директоры Қарлығаш Дүсіпбаева ұйымдастырған кинокоучингке қатысты. Тәжірибелі коуч әрі оратор Қарлығаш Советханқызы мақсатқа жетудің жолын бірнеше киноны талдай отырып көрсетті. Студенттер өз мақсаттарын айқындап, оған жетуге көмектесетін жоспар құруды үйреніп қана қоймай, танымдарына тың болған кинокоучинг әдісін де жоғары бағалап қайтты.Көзі жарқырап сөйлеген Қарлығаш оратордан өздеріне энергия алып қайтқанын жасырмаған студенттер келесі кездесуді асыға күтеді.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru