Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайдың рухани-діни фәлсафасы» атты TEDxOskemen-2020 конференциясы өтті.

T42A9981
T42A9939
T42A9950
T42A9955
T42A9956
T42A9959
T42A9963
T42A9966
T42A9971
T42A9983
T42A9985

06.02.2020 күні Қазақстан-Американдық еркін университеті базасында ШҚО Дін істері басқармасы, ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы, Өскемен өңірі бойынша ҚМДБ ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайдың рухани-діни фәлсафасы» атты TEDxOskemen-2020 конференциясы өтті.  Конференцияның мақсаты- ұлттың рухани мәдениетін қалыптастырудағы Абай Құнанбайұлының алатын ерекше орнын, өз халқының әр кезеңдегі рухани адамгершілік мәдениетінің дамуындағы ақын тұлғасының алатын орнын зерделеу.

Конференция жұмысына Алматы қаласындағы  «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамит Мухаммад ал-Жинди, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының PhD докторы Әубәкірова Қ.Ә., Қазақстан мұсылмандар діни Басқармасының өкілі, Өскемен қалалық Мұхаммади мешітінің бас имамы Ибрагим қажы Қарнақбайұлы, Шығыс Қазақстан облысының Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы Ернұр Қанапиянов және  ҚАЕУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері қатысты. Конференция барысында қатысушылар  күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша пікір алмасып, сұрақтарға толыққанды жауап қайтарды.

«Педагогика және психология» кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru