Кәсіби бағдарлау жұмыстары жалғасуда

IMG-20200206-WA0001
IMG-20200206-WA0004

Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Имашева Назерке Даулетқазықызы Өскемен қаласының "№ 3 мектеп-лицейі" КММ-де және "№ 45 орта бейіндік мектебі" КММ-де болып қайтты.

Назерке Даулетқазықызы 11 сынып оқушыларына ҚАЕУ-ға түсу, грант және ҰБТ тапсыру туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар университет және оның білім беру бағдарламалары туралы толық ақпараты бар қосымша парақшалар алды.

Қоғаммен байланыс орталығы