Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

ШҚО мәдени-туристік кластерлерін дамыту бойынша шығармашылық жобаларды іске асыру

IMG8969
IMG8952
IMG8958
IMG8980
IMG8981
IMG8985
IMG9001
IMG9006
IMG9021
IMG9029
IMG9043

2019 жылдың 6 желтоқсанында "Туризм маркетингі" пәні аясында "Туризм" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері экономика ғылымдарының кандидаты, бизнес кафедрасының доценті Ишкинина Гюзель Шаяхметовнаның жетекшілігімен Қазақстан Республикасындағы мәдени-туристік кластерлерді дамыту бойынша шығармашылық жобаларын ұсынды. Аталған іс-шараға бизнес кафедрасының оқытушылары мен білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
Мажимбаева Рената ШҚО-ның Солтүстік және шығыс бөліктерін қамтитын "Алтай маржаны" кластерін дамыту жөніндегі жобаны ұсынды, ал Өскемен қаласы осы кластердің орталық ядросы болып табылады.
Мұсақанова Камила мен Ожиканова Томирис Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын "Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы" кластерін таныстырды.
Құрамында Досов Темирлан, Асхатқызы Ақерке және Сакко Нариман бар топ "Каспий қақпасы" кластерін дамыту бойынша жобаны ұсынды.
Бұл презентация ҚАЕУ "Туризм" білім беру бағдарламасы студенттерінің шығармашылық және ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуда танымдық және қолданбалы рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл жұмысты дипломдық жоба аясындағы студенттердің ғылыми зерттеулерінің бастамасы деп қарауға да болады. 
Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru