Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Көшбасшыларды тәрбиелеу: ҚАЕУ-дегі жас кәсіпкер мектебі

T42A9152
T42A9094
T42A9108
T42A9126
T42A9161
T42A9164
T42A9171
T42A9178
T42A9180
T42A9188
T42A9194

2019 жылдың 28 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында Қазақстан-Американдық Еркін университетіндегі Бизнес кафедрасы жанында ұйымдастырылған "Бизнес-клубтың" күндізгі бөлім студенттері үшін "Жас кәсіпкер мектебі" жобасы бойынша қысқа мерзімді курстар өтті. "Жас кәсіпкер мектебі" бағдарламасы жастардың инновациялық әлеуетін ашуға, жастарды кәсіпкерлік қызметке белсенді тартуға, жас кәсіпкерлердің құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.

"Жас кәсіпкер мектебі" жобасы бойынша жүзеге асырылатын әрекеттер:

  1. жастарды кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздеріне оқыту;
  2. бизнес-жоспарлар дайындау бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
  3. "Жас кәсіпкер мектебі" жобасына қатысушылардың бизнес-жоспарларды қорғауын ұйымдастыру;
  4. "Жас кәсіпкер мектебі" жобасы тыңдаушыларының ең табысты бизнес-жобаларының тұсаукесерлерімен өңірлерде "Тың ой жәрмеңкесі" конкурсын ұйымдастыру;
  5. "Тың ой жәрмеңкесі" байқауының жеңімпаздарына-үздік бизнес - жобаларға қаржыландыру бойынша көмек көрсету.

 "АТАМЕКЕН" ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Касенов Талғат Макышевич тыңдаушыларды бизнес-идеялардың ерекшеліктерімен таныстырды, аудандарда, моноқалаларда, облыс орталықтарында Бизнестің нақты түрін ашу және дамыту бойынша қадамдық нұсқауларды көрсетті, табысты кәсіпкерлер, салалық мамандар үлгісінде практикалық дағдыларды пысықтады (қолданыстағы жобаны немесе бизнесті мысалға келтіре отырып). Аталған курсты ҚАЕУ-дің 35 студенті тыңдады.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru