Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Creative Spark: әлеуметтік кәсіпкерліктегі жеке тәжірибем

IMG20191209125251251
IMG20191209125251240
IMG20191209125251243
IMG20191209125251246

5 желтоқсанда ҚАЕУ-де "Creative Spark" Британ Кеңесінің жобасы аясында ҚАЕУ студенттік хабының базасында әлеуметтік саладағы жас кәсіпкер, ҚАЕУ колледжінің түлегі, жан-жақты тұлға Тоқтажанова Нұргүлмен кездесу өтті.

2018 жылы Нұргүл "ZhasProject" жобасы аясында грант жеңіп алған болатын. Оның "Қуаныш сыйла" әлеуметтік шаштараз бойынша жобасы Өскемен қаласының тұрғындары арасында танымал. Жоба авторы әлеуметтік жағдайы төмен халықпен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөледі.

Нұргүл аталмыш жобаның мәні, оның ерекшеліктері, қатысу шарттары және студенттердің өзін-өзі және идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Әңгімесінің соңында Нұргүл өмірде табысқа жету жолы өзіне деген сенімділіктен және өз мақсаттары мен қажеттіліктерін ұғынудан басталатынын түсіндірді.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru