Creative Spark: HR-менеджмент бойынша шеберлік сағаты

inst31
Screenshot20191211-102316Salt
Screenshot20191211-102341Salt
Screenshot20191211-102355Salt
Screenshot20191211-102449Salt

2019 жылдың 10 желтоқсанында ҚАЕУ-де Студенттік хаб базасында Британдық Кеңестің "Creative Spark" жобасы аясында ізденушілердің ІТ-қолдауы және жұмыс орындарын іздеу бойынша жұмысты ұйымдастыруға арналған HR-менеджмент бойынша интерактивті шеберлік сағаты өтті.

ҚАЕУ студенттері Жиембаев Нұрсұлтан және Зейнолла Мирас танымал HeadHunter және LinkedIn кәсіби интернет-платформаларының құрылу тарихын айтып, осы сайттарда бос жұмыс орындарын іздеу бойынша жеке аккаунтты құру ережелерімен бөлісіп, пайдаланушының нұсқаулығын көрсетті, сондай-ақ түйіндемелердің дұрыс нұсқаларын және бастап келе жатқан пайдаланушыларға кеңестер берді.

HeadHunter - мансаптық өсу сайты. Күн сайын hh.kz сайтында Қазақстанның әр түрлі қалаларында 19 000 мыңнан астам бос жұмыс орындары көрссетіліп, 1 500 000-нан астам түйіндеме жарияланады. Осы платформамен дұрыс жұмыс істей алу ізденуші үшін қажетті дағды болары сөзсіз.

LinkedIn - іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған әлеуметтік желі. LinkedIn-де 200 елден 150-ден астам бизнес салаларын ұсынатын 500 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген.

Осы бағыт бойынша ұйымдастырылған шеберлік сағаты - бұл HR-саладағы шығармашылық кластерге арналған іс-шаралардың инновациялық форматы, идея алмасуға, қоғамның өзекті мәселелерін бірлесіп шешуге арналған тамаша алаң.

Қоғаммен байланыс орталығы