Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Облысымыз мұғалімдеріне арналған халықаралық ынтымақтастық

20200131130335
20200131130512
20200131131846
20200131131828
IMG-20200203-WA0004
IMG-20200203-WA0005
IMG-20200203-WA0006

2020 жылдың 30 және 31 қаңтарында ҚАЕУ-дің маркетинг және кәсіби бағдар беру іс-шаралары аясында Қасым Қайсенов кенті мен Риддер қаласында мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары өткізілді.

Дима Хомси, Абигайл Майхэу, Этан Тейлор, Эмили Ландон, Гаухар Шакирова және Асият Сүлейменова сынды  жаттықтырушылар, АҚШ-тың Қазақстан мен Тәжікстандағы елшілігінің  Фулбрайт бағдарламасының түлектері ағылшын тілінің мұғалімдері үшін ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты.

Ағылшын тілі мұғалімдері ұйымдастырған іс-шара Ұлан ауданы мен Риддер қаласының білім басқармалары мен Қазақтан-Американдық еркін университетінің арасында жасалған меморандумға байланысты болды.

Семинарлардың негізгі мақсаты - мұғалімдерге академиялық диктант пен эссе жазу саласындағы кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беру.

Жоба аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасымен әзірленген және 4 жылдан бері көптілділікті дамытудың аймақтық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

ҚАЕУ өкілдері Риддер қаласында аймақтың мектеп директорларымен ҚАЕУ-мен ынтымақтастық жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізіп, жаңа білім беру бағдарламалары, гранттар және студенттерге арналған мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.

 Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru