Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

"Birgemiz" еріктілер жылын бастау: бірінші күн

IMG-20200212-WA0052
IMG-20200212-WA0051
IMG-20200212-WA0048
IMG-20200212-WA0047

ҚАЕУ студенттері Нұр-сұлтан қаласындағы еріктілер жылының ашылуына қатысты.

2020 жылдың 12 ақпанында еріктілер жылы бойынша іс-шаралар басталды. Республикамыздың елордасында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Birgemiz" еріктілерінің республикалық фронт-кеңсесі ашылды.

Осы іс-шаралар аясында республикалық жобалық кеңсенің тұсаукесері, жалпыұлттық, халықаралық, волонтерлік жобалар мен бастамалардың тұсаукесерлері өтті. Еріктілер жылын іске қосу бойынша іс-шаралар аясында ресми тұлғалармен 25-тен астам кездесу, тренингтер, оқыту семинарлары, ынталандыру сессиялары және мастер-кластар өткізу жоспарлануда.

"Журналистика" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Комнев Кирилл мен Зайцев Дмитрий Нұр-сұлтан қаласындағы еріктілер жылының ашылуына қатысуда.

Қазақстан-Американдық Еркін Университеті Қазақстандағы еріктілер қозғалысының бастамасын әрдайым қолдауға дайын.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru