Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Арт-терапия: лабиринттегі серуен

Screenshot20191209-220313Salt
Screenshot20191209-220335Salt
Screenshot20191209-220418Salt

2019 жылғы 09 желтоқсанда АҚШ Елшілігінің Шағын Гранттар бағдарламасы бойынша арт-терапия бойынша жоба аясында Өскемен қаласының "Аналар үйінде" тұратын қиын өмірлік жағдайға тап болған қыздармен кезекті кездесу өтті.
"Лабиринттегі серуен" техникасы бойынша өткен кездесуді аға оқытушы, психолог-кеңесші Вдовина Елена Николаевна өткізді.
Лабиринт-көп мәдени дәстүрлерде кездесетін және 5000 жылдан астам тарихы бар әмбебап архетиптік схема. Шеңбер мен спираль негізінде салынған тұтастық пен бірліктің ежелгі күшті символы бола отырып, лабиринт адамның рухани трансформациясының құралы болып табылады.
Лабиринт тілек немесе кедергілерді анықтау, ниет құру, проблемалық жағдайдан шығу, өзін-өзі анықтау және тазарту тәсілі ретінде қолданылады.
Лабиринттен өту үш басты кезеңнен тұрады: лабиринтке кіру, онда болу, кері қайту. Алынған ақпаратпен одан арғы жұмыс әңгіме жазу, сурет салу, мүсін, бетперде жасау, ән немесе би орындау түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru