"Алау-2019" Сыйлығы

IMG-20191211-WA0022
IMG-20191211-WA0023
IMG-20191211-WA0025

Бүгін, 2019 жылдың 11 желтоқсанында Өскемен қаласында жастардың сіңірген еңбектерін ынталандыру және насихаттау мақсатында қала әкімінің "Алау-2019" сыйлығы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Өскемен қаласында мемлекеттік жастар саясатын дамыту және қолдау, белсенді ынтымақтастық үшін Қазақстан-Американдық Еркін университетінің Еріктілер қауымдастығы алғыс хатпен марапатталды.
Қала әкімі өз қолымен  ҚАЕУ өкілі - "Құқықтану" білім беру бағдарламасының студенті, ҚАЕУ студенттік дамыту орталығының менеджері Манатбеков Айбекке сыйлығын табыстады.
ҚАЕУ Еріктілер қауымдастығын құттықтаймыз!

Қоғаммен байланыс орталығы