Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Creative Spark: ҚАЕУ жоғары колледжінің еріктілер мектебі

Screenshot20191212-234609Salt
Screenshot20191212-234628Salt
Screenshot20191212-234650Salt
Screenshot20191212-234722Salt
Screenshot20191212-234750Salt

2019 жылдың 11 желтоқсанында Британдық Кеңестің "Creative Spark" жобасын жүзеге асыру аясында ҚАЕУ жоғары колледжінің еріктілер мектебі "Мейірім" еріктілер қозғалысының бағдарламасын ұсынды. Іс-шара Қазақстан Республикасында Жастар жылын өткізу және "Рухани Жанғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Колледждің акт залында өткен шараға жоғары колледж және Қазақстан-Американдық Еркін университетінің студенттері мен оқытушылары шақырылды.
Іс-шара бағдарламасы ҚАЕУ жоғары колледжінің еріктілері мектебінің жетістіктерінің презентациясымен басталды. Олардың бірі "Караван - 25 игі іс" марапаты болып табылады. Ол еріктілердің балалар үйінің тәрбиеленушілерімен, мүмкіндігі шектеулі балалармен, қарттар үйінің қарттарымен, ҰОС ардагерлерімен жұмыс істеуге сіңірген еңбегіктеріне қарай табысталады. Сондай-ақ, колледждің Еріктілер мектебі "Адал жүрек" панасыз жануарларға арналған ұйыммен де ынтымақтастықта. 
Шарада республикалық еріктілер слетінің қатысушысы – 2018, Халықаралық Түркі тілдес елдер жастар фестивалінің қатысушысы-2019, ҚАЕУ жоғары колледжінің "Негізгі орта білім" мамандығының студенті Жотабаева Зульфия сөз сөйледі. Өз сөзінде ол аз қамтамасыз етілген отбасыларға гуманитарлық көмек, жағалау бағыты бойынша экологиялық рейдтер және т.б. сияқты Қазақстанның еріктілер қауымдастығының түрлі акциялары мен бағдарламаларына қатысу туралы айтып өтті. Зульфия өзінің волонтерлік жұмыс тәжірибесімен бөлісті, жұмысқа байланысты қызықты әңгімелер айтты. 
ҚАЕУ - дің Жоғары колледжінің оқытушылары-осы іс-шараны ұйымдастырушылар. Олар- Амангелдина Салтанат Амангелдіқызы, Таскимбаева Роза Қапанқызы, сондай-ақ ҚАЕУ жоғары колледжінің ерікті студенттеріне ерекше алғыс білдіргімз келеді. Жұмыстарына алдағы уақытта табыс тілейміз!

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru