ҚАЕУ Президенті ШҚО-да Ұстаздар үйінің ашылуына қатысты

IMG-20191212-WA0004
IMG-20191212-WA0005
IMG-20191212-WA0006
IMG-20191212-WA0007

2019 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан-Американдық Еркін университетінің президенті, Ережеп Әлхаирұлы Мамбетқазиев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлауы қарсаңында ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған Өскемен қаласындағы Ұстаздар үйінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысты.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ерлан Аймұқашев, сондай-ақ "Өрлеу "БАҰО" АҚ өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.

Ұстаздар үйінде барлық өңірдің педагогтары біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, әдістемелік көмек алады, тәжірибелерімен, педагогикалық инновацияларымен алмасады. Ұстаздар үйінде Монтессори, өзін-өзі тану, Maker Space кабинеттері, ақпараттық - әдістемелік орталық, бейне және дыбыс жазу студиялары, институт тарихына арналған  зал да бар. Ұйымның міндеті - өңір педагогтарының жан-жақты дамуын қамтамасыз ету.

Қоғаммен байланыс орталығы