Creative Spark: студенттер мен оқытушыларға арналған пәндік-тілдік кіріктіру негіздері бойынша семинар

DSC0099
IMG20191213224426015
IMG20191213224426017
IMG20191213224426023
IMG20191213224426045

2019 жылдың 12 желтоқсанында ҚАЕУ-де Британдық Кеңестің "Creative Spark" жобасы аясында студенттік хаб базасында шет тілдер кафедрасының доценті Герсонская Валентина Владимировна арнайы семинар өткізді. Онда ағылшын тілі элементтерімен шет тілін немесе арнайы пәнді оқыту үдерісінде CLIL (пәндік-тілдік интеграциялау) әдістемесін қолданудың негізгі принциптері туралы айтылды.
"Жасыл экономика" тақырыбы бойынша аутентикалық мәтіндер мен бейнематериалдардың көрнекі мысалдарының көмегімен Валентина Владимировна осы әдістемені қолданудың басты ережелерін түсіндірді: терминдерді қолдана отырып, ассоциативті қатарды құру, топ бойынша тақырыпты талқылау, түйінді сөздердің дұрыс анықтамаларын іздеу, оқушыларды саналы түрде оқыту, интернет пен мультимедиатехнологияларды пайдалану. 
Осы әдіске кәсіпкерлік тұрғысынан қарасақ, оқытушы әртүрлі бейіндегі мамандарды даярлау және арнайы мақсаттар үшін барлық деңгейдегі шет тілі курстарын өткізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді атауға болады дейді. Айталық, болашақ металлургтер, заңгерлер және басқа да мамандықтарға арналған ағылшын тілі.

Қоғаммен байланыс орталығы