Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Тіл саласы мамандарының оңтайлы технологиялары: теория және практика

0101-2503
11
12

Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Нұрланова Әсем Нұрланқызы мен Еділбаева Гүлжан Бақытбекқызы ҚАЕУ-дің "Латын графикасындағы қазақ әліпбиіне әлеуметтік бейімделудің тиімді жолдары және оны жүзеге асырудың лингвистикалық аспектілері" атты ғылыми-зерттеу жобасы аясында ересек тұрғындардың латын әліпбиіне негізделген жаңа әліпбиді оқыту бойынша әдістемелік нұсқауларды апробациялады. Апробация Риддер қаласы әкімдігінің қолдауымен 2019 жылы 05 Желтоқсанда Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері ұйымдастырған "Тіл саласы мамандарының оңтайлы технологиялары: теория және тәжірибе" атты ғылыми-практикалық алаңында өтті. 
Іс - шараның негізгі мақсаты-тәжірибе алмасу үшін ғылыми-тәжірибелік алаңды ұйымдастыру, Риддер қаласының тілдерді оқыту орталығының оқытушылары мен қызметкерлерінің және Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ғылыми-практикалық орталығының IT-басқармасының жетекші мамандарын тілдерді оқыту саласындағы авторлық инновациялармен таныстыру.
Конференция қорытындысы бойынша ҚАЕУ оқытушыларына Риддер қаласы әкімдігінің алғыс хаттары табыс етілді.

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru