Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Студенттер дін жайлы анық ақпаратқа қанық болды

   Қазан айының 29-ы күні Қазақстан-Американдық Еркін Университетінде студент жастарды бүгінгі таңдағы діни бағыттар мен олардың жұмысы жайында ақпараттандыру мақсатында келелі кездесу өтті.

  Онда ҚР - істері жөніндегі агенттіктің өкілі Абзал Жекебатыров, ШҚО Дін істері Департаментінің директоры Манарбек Мұхамеджанов және ШҚО Ішкі саясат басқармасының маманы Ерхат Жексенов,ШҚО мешітінің бірінші наиб имамы Рауан Махмұтовтар жиналған жастарға бүгінгі таңдағы діни ахуал және жат ағымдардан сақтану жайында дәрістер оқыды.

  Кездесуге  1 және 3 курстардың студенттері қатысып, дін төңірегіндегі түйіткілді мәселелердің мәнісін біліп, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Мамандардың аузынан анық әрі ресми ақпаратқа қанық болды.

  Кездесу барысында студенттер көптеген көкейкесті сұрақтар қойды.1-курс студенті Мерхат Исебаев бес уақыт намаз оқыйтын адаммен бес уақыт намаз оқымайтын, бірақ жүрегінде иманы кәміл адамның ара жігін ажыратып беруді сұрады.Студенттер тарапынан басқа да бүгінгі күндегі діни жағдай және ата дініміздің асыл құндылықтары жөнінде сауалдар қойылып, мазалаған сұрақтарына мамандардан жауап алынды.

  Жасыратыны жоқ көп жағдайда жат ағымдардың жетегінде кетіп, қара ниеттілердің құрсауына түсіп қалатындар-жастар.Ал бұл кездесудің жастардың жат ағымдардың жетегіне ермей, ақ пен қараны айыра білуі үшін маңызы зор.Діни сауатты адамғана ешқашан жат ағымдардың жетегінде кетіп, тура жолдан таймайтыны анық.   

Жандос ДАЙЫРБАЕВ,

3-курс студенті 

Яндекс.Метрика
© 1994-2018 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru