Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Жыл жұмысын қорытындылау: журналистермен кездесу

IMG20191220173605612
IMG20191220173605603
IMG20191220173605613
IMG20191220173605614
IMG20191220173605633
IMG20191220173605634
IMG20191220173605636
T42A0579
T42A0621

2019 жылдың 20 желтоқсанында БАҚ шақырумен  дөңгелек үстел түрінде ШҚО Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ақпараттандыру жөніндегі жұмыс қорытындысы жасалды. Университетіміздің "Журналистика" білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушылары аталмыш іс-шараға қатысты. Дөңгелек үстел қатысушыларының ішінде ШҚО әкімі аппаратының "Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы" КММ директорының орынбасары Равиль Юнусов құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының құрылуы мен қызметі туралы Қазақстанның ең танымал журналистері мен публицистерінің бірі Кратенко Андрей өзінің бай журналистік жұмысының тәжірибесімен бөлісіп, өз жолын журналистикада тапқан студенттер үшін қызметтерін кәсіби клубтарда ертеден бастау маңыздылығын атап өтті. "Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы" КММ баспасөз қызметінің жетекшісі Айзада Бибулов баспасөз қызметінің БАҚ-пен өзара іс-қимылы туралы айтып, идеяларға бай жас журналистерді журналистер клубының қызметіне қосылуға шақырды. 
Әзіл мен креативтілік сезімінен қатар жүрген шеберлік сағаты аясында шешендік өнер  курсының авторы, орыс этномәдени орталығының төрағасы Вера Правдина журналистік шеберліктің құпиясын ашып, кейбір интерактивті ойындар өткізіп, журналистің кәсіби қызметі үшін маңызды дүниелерді айтты.
Іс - шараға қатысушылар ШҚО ҚХА мен облыстық Достық үйінің бірлескен жобасы - "Ассамблея жаршысы" баспа басылымының қызметімен танысты.

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика

 

© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru