VIII қысқы Универсиада

-2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2020 жылғы 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында VIII қысқы Универсиадасын өткізеді.

VIII қысқы Универсиаданың спорт түрлері:

- Қысқы Президенттік көпсайыс;

- керлинг;

- қысқы спорттық бағдарлау;

- биатлон;

- шаңғы жарысы.

ҚАЕУ студенттері де аталмыш Универсиадаға қатысады.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Қоғаммен байланыс орталығы