Өскемендегі Ұлы Абайдың 175-жылдық мерейтойының басталуы

Screenshot20200122-155408Salt
Screenshot20200122-153630Salt
Screenshot20200122-153732Salt
Screenshot20200122-153750Salt
Screenshot20200122-153812Salt
Screenshot20200122-153837Salt
Screenshot20200122-153906Salt
Screenshot20200122-155037Salt
Screenshot20200122-155134Salt
Screenshot20200122-155153Salt

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен 2020 жылдың 21 қаңтарында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуын атап өту басталды.

Абай Құнанбайұлы – қазақ ұлты көшінің басында тұрған ірі тұлға. Өзінің ақындығымен, пәлсапашылығымен, сазгерлік өнерімен дүйім жұртқа мәлім болып, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалады. Халқымыздың қазынасы болған төл мәдениетімізді жоғалпай, оны әлемнің игі мәдени ағымдарымен ұштастырған тарих тұғырындағы биік адам.

Бүгін, 2020 жылдың 22 қаңтарында, Өскемен қаласы алғашқылардың бірі болып мерекелік іс-шаралар эстафетасын қабылдады. ҚАЕУ студенттері Өскемен қаласының орталық алаңында, Абай ескерткішінің жанында мыңдаған өскемендіктермен бірге "Көзімнің қарасы" әнін орындап, Абай монументіне гүл шоқтарын қойды.

Өнегелі науқанға студент жастар, қаланың волонтерлік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қоғаммен байланыс орталығы