Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Туризм қазіргі студенттерді оқытудың басым бағыты ретінде

IMG20200129185549899
IMG20200129185549900
IMG20200129185549901
IMG20200129185549904
IMG20200129185549932
IMG20200129185549910

2020 жылдың 29 қаңтарында бизнес кафедрасының студенттері "Туризмдегі тиімді сату" атты семинар-тренингке қатысты.

Семинар спикері "ZERE TRAVEL" турфирмасының директоры Лаура Ермекқызы Ахметжанова өз тиімді сату тәжірибесімен бөлісті, туризм саласындағы өнімдер мен қызметтерді таныстыру жолдары, тәуекелдерді азайту, сондай-ақ түрлі сыртқы факторларға қарамастан, жақсы нәтижеге  жету жолдары туралы айтты. Семинар-тренингтің қатысушылары осы мамандықтың өзектілігі және түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болу мәселелерін талқылады. Лаура Ермекқызы, өз кезегінде, шетел тілдерін меңгерген мамандар, дарынды және талантты түлектер, әсіресе шетелде тағылымдамадан өткен және кәсіби тәжірибелері бар мамандар жұмыс орнына басым үміткерлер болып табылатынын атап өтті.

Туризм саласындағы жұмыс өте қызықты. Ол қаражат қана емес, көптеген мүмкіндіктерді де береді. Қазақстан-Американдық еркін университетінде "Туризм" және "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі" білім беру бағдарламалары бойынша оқыту соңғы бірнеше жылда ерекше сұранысқа ие болып келеді, бұл отандық туризмнің қарқынды дамып келе жатқанының белгісі.

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 76.

Қосымша ақпарат: 8 707 440 00 01, 8 (7232) 500-300

Қоғаммен байланыс орталығы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru