Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық мәнерлеп оқу сайсы

T42A1094
IMG1266
T42A1108
T42A1118
T42A1135
T42A1146
T42A1161
T42A1173
T42A1372
T42A1441
T42A1446

2020 жылдың 24 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған іс-шаралар сериясын "Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" атты мәнерлеп оқу сайысымен бастады.

Мәнерлеп оқу сайысы – дарынды балаларды анықтауға бағытталған дәстүрлі тәрбиелік іс-шара, дарынды балалармен жұмыс түрінің бірі. Көркем сөзге деген сүйіспеншілікті оятатын, көрермен алдында сөз сөйлеуді, декламация іскерлігін дамытуға көмектесетін бағыт. Абай мерейтойына арналған байқау ұлының шығармашылығын насихаттау ғана емес, қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Әлемнің көптеген тілдеріне аударылған ақын шығармаларын осы сайыста түбнұсқасымен қоса, орыс және ағылшын тілінде оқып, қатысушылар үш номинация бойынша бағаланды.

Шараны ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, х.ғ.д. Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы ашты.

Сайыстың қазылар алқасының құрамында ақын, журналист, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі Пуссеп Геннадий Николаевич, сондай - ақ Шығыс Қазақстан облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасының бастығы, Ресей Жазушылар Одағының мүшесі Алдияр Әубәкіров сияқты белгілі тұлғалар болды.

Қазылар алқасы қатысушыларды үш номинация бойынша бағалады:

1.  Абай шығармаларын қазақ тілінде мәнерлеп оқу;

2.  Абай шығармаларын орыс тілінде мәнерлеп оқу;

3.  Абай шығармаларын ағылшын тілінде мәнерлеп оқу.

Қатысушылар облыстың түпкір-түпкірінен келді, олар-Глубокое, Катонқарағай, Жарма, Бесқарағай, Аягөз, Абай, Ұлан, Бородулиха, Шемонайха, Тарбағатай, Күршім аудандары мектептерінің 10,11 сынып оқушылары, сондай-ақ Риддер, Семей, Курчатов және Өскемен қалаларының мектептері, гимназиялары, лицейлері мен колледждері. Байқауға облыстың 160 оқушысы қатысты.

1,2,3-орын алған қатысушыларға ҚАЕУ-де оқуға 15, 20, 30% жеңілдік берілді.  Жүлдегер болғандар:

10-сыныптар арасында:

1-орын
 
Номинация
Жүлдегердің аты-жөні
Мектеп
қазақ тілінде
Смаилова Айдана
Өскемен қаласы әкімдігінің "Ахмер орта мектебі "КММ
қазақ тілінде
Түсіпқанова Гүлназ
Аягөз ауданы
орыс тілінде
Маулитова Алина
Аягөз қаласы, К.Бозтаев ат.қазақ мектеп-гимназиясы
2-орын
 
қазақ тілінде
Ранджабар Арзу
«Бриг» жеке меншік бизнес мектебі
қазақ тілінде
Серікханова Аяулым
Аягөз ауданы, Қарағаш ауылы «Ж.Жабаева ат. ЖББОМ» КММ
орыс тілінде
Рахимова Зарина
«№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы», Өскемен қаласы
ағылшын тілінде
Саясатқызы Қарақат
«Переваловка орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы
3-орын
қазақ тілінде
Тайсултанов Роман
«Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» КММ, Ұлан ауданы
орыс тілінде
Резунов Ян
Т.Тохтаров ат.мектеп-бала-бақша, Ұлан ауданы
орыс тілінде
Ябс Давид
«Бриг» жеке меншік бизнес мектебі
ағылшын тілінде
Сайранбекова Мөлдір
ШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мекетебі» КММ
ағылшын тілінде
Панов Егор
Өскемен қаласы әкімдігінің
«№30 жалпы білім беретін мектебі» КММ


11-сыныптар арасында:

1-орын
 
Номинация
Жүлдегердің аты-жөні
Мектеп
қазақ тілінде
Бақытбекова Аружан
«Ново-Березовка орта мектебі» КММ, Катон-Қарағай ауданы
ағылшын тілінде
Оралханова Шырайлым
Аягөз қаласы, Қалалық қазақ мектеп-лицейі
 
2-орын
қазақ тілінде
Тұрсынғалиев Шәкәрім
«Переваловка орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы
орыс тілінде
Айтуарова Карина
Өскемен қаласы
ағылшын тілінде
Ногайбаев Али
«Бриг» жеке меншік бизнес мектебі, Өскемен қаласы
3-орын
қазақ тілінде
Жанабаева Аружан
Бесқарағай ауданы
қазақ тілінде
Нетесова Таисия
Өскемен қаласы әкімдігінің «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілінде
Серікқанова Айменгүл
Өскемен қаласы әкімдігінің «№18 мектебі» КММ
қазақ тілінде
Адалбек Ардақ
Өскемен қаласы әкімдігінің «Абай атындағы №33 орта мектебі»
орыс тілінде
Дамирова Даяна
Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі»
ағылшын тілінде
Ауесбеков Жан
«Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, Жарма ауданы


Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 Педагогика және психология кафедрасы

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru