Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Абай және әлемдік өркениет» атты облыстық конференция

IMG-20200226-WA0023
IMG-20200226-WA0024
IMG-20200226-WA0025
IMG-20200226-WA0026
IMG-20200226-WA0027
IMG-20200226-WA0028
IMG-20200226-WA0029
T42A1833
T42A1889
T42A1970

2020 жылдың 26 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті қазақтың ұлы ойшылы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған шаралар сериясын «Абай және әлемдік өркениет» атты облыстық конференциямен жалғастырды.

Ғылыми конференция қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын мектептердің 10, 11-сынып оқушыларының, колледждері білім алушыларының және жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми ізденіс әрекетін қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шара болып табылады. Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған "Абай және әлемдік өркениет" атты конференция білім алушылардың шығармашылық ізденісі мен зерттеулерді орындау барысында аналитикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруды ғана емес, сонымен қатар болашақ талапкерлердің Ұлы ақынның дүниетанымын тереңінен танып-білулерін мақсат етті.

Облыстық конференция тақырыбы төмендегі мәселелерді қамтыды:

-        әлем таныған Абай;

-        Абай және түркі өркениеті;

-        Абай және Еуропа;

-        Абайдың қара сөздеріндегі жаһандық мәселелер;

-        Абайдың шетелдегі рецепциясы.

Қатысушылар Шығыс-Қазақстан облысы аудандары, Риддер, Шар, Өскемен қалалары мектептерінің 10,11-сынып оқушылары, сондай-ақ гимназиялар, лицейлер мен колледждердің білім алушылары, ҚАЕУ-дің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері болды.

Секция жұмысы үш номинация бойынша бағаланды:

-         «Мазмұнды презентация үшін»

-         «Ғылыми жаңалығы үшін»

-         «Тақырып өзектілігі үшін»

Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған Облыстық конференция қатысушылары өздерінің ғылыми-ізденімпаздық құзіреттіліктерін таныта білді. Өзекті болып отырған тақырыпты ашып қана қоймай, бірқатар қатысушы көпшілік алдында сөз сөйлеу өнерлерін, аудиторияның сұрақтарына тапқырлық таныта жауап берулерімен ерекшеленді. Әр баяндама қызу талқыға түсіп, сұрақ-жауап алаңы белсенді болды.   

Қатысушылардың ғылыми ізденістеріне шабыт тілеп, жетекшілеріне алғыс білдіреміз!

 Педагогика және психология кафедрасы