Қазақстан-Американдық Еркін университетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің жобалық кеңсесін ашу

T42A2124
T42A2036
T42A2039
T42A2042
T42A2050
T42A2064
T42A2082
T42A2089
T42A2118
T42A2169
T42A2182

2020 жылдың 26 ақпанында "Авангард плюс" жас кәсіпкерлер мектебі VIII маусымының Қазақстан-Американдық еркін университетінің жобалық кеңсесінің ашылуы өтті. Жобалық кеңсе ШҚО бойынша "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің қатысуымен құрылған.

Бұл жердегі басты оқиға "Атамекен" ҚР ҰКП Өңірлік іскер әйелдер кеңесі мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.

ҚАЕУ Президенті - Мәмбетқазиев Ережеп Әлхаирұлы жиналғандарға құттықтау сөз сөйледі. Ол біздің университет Шығыс Қазақстан қоғамы өмірінің түрлі салаларының бастамаларын қолдау үшін таптырмас алаң болып табылатынын, өз қызметінде жастар арасында кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.

Ашылу салтанатына ҚАЕУ вице-президенті, PhD докторы Жасұлан Ерболұлы Байкенов, "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, ШҚО бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің төрағасы, Өскемен қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, "Авангард-инфо" ақпараттық-консалтингтік компаниясының директоры Березинская- Абилова Елена Николаевна қатысты. Елена Николаевна "Авангард плюс" жас кәсіпкерлер мектебі қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

"Казцинк" ЖШС-ның Әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Лазарев Андрей Павлович шақырылған қонақ болды, ол ҚАЕУ базасында "Авангард плюс" жас кәсіпкерлер мектебінің VIII маусымының ашылу бөлігінде салтанатты түрде сөз сөйледі.

"Идея таңдау. Өз бизнесіңді тап" - осындай тақырыппен ҚАЕУ базасында "Авангард плюс" жас кәсіпкерлер мектебінің VIII маусымының алғашқы сабағын "Іскерлік болашағы" ҚБФ қоғамдық қорының төрағасы, ШҚО бойынша "Атамекен" ҰКП СДЖ мүшесі Прыгова Светлана Александровна өткізді.

Қоғаммен байланыс орталығы