Халықаралық серіктестегі қалалық жоғары оқу орны / Мемлекеттік лицензия АБ 0137478
Халықаралық аккредитация ACBSP (АҚШ) / Институциональдық жәнемамандандырылған аккредитация БСҚЕЖҚТА(Қазақстан)

Қазақ тілі мен әдебиетінен VI облыстық олимпиада

T42A2275
T42A2204
T42A2244
T42A2254
T42A2332
T42A2337
T42A2345
T42A2351
T42A2389
T42A2408
T42A2480
T42A2507
T42A2598
T42A2634
T42A2641

2020 жылдың 28 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті «Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған Қазақ тілі мен әдебиетінен VI олимпиада» өткізді. Облыстық деңгейде өткізілген пәндік олимпиадаға Глубокое, Катонқарағай, Самар, Жарма, Бесқарағай, Аягөз, Абай, Ұлан, Шемонайха, Күршім аудандары, Риддер, Курчатов және Өскемен қалаларының 10,11-сынып оқушылары қатысты.

Шараны ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі, х.ғ.д. Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы қатысушыларды қарсы алу сөзімен ашты. Ашылу салтанатында Халық әртістері Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің оркестрі мен ҚАЕУ студенті Абилова Айым Абайдың туындыларын орындады.

Пәндік олимпиадалар - дарынды оқушыларды табу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылым мен білімге деген қызығушылығын ынталандырудың тамаша тәсілі. Ал олимпиадаға қатысушылар үшін - бұл өз білімдерін тексеру, өзін-өзі бағалау және емтихансыз жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі. Абай шығармашылығына арналған Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша пәндік олимпиада үздіктердің үздігін іріктеуге ғана емес, сонымен қатар болашақ талапкерлердің ойшыл-ақынның дүниетанымын танып-білуге де мүмкіндік туғызады.

Олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді. 1-кезеңде қатысушылар оқу бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын шешсе, 2-кезең ауызша жауап түрінде болып, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті, абайтану бойынша білімдері тексерілді.

Оқушылар тест тапсырмаларын орындаған кезде «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, психолог Орақбаева Маржан Кабдулкановна мен оқытушы Сыдықанова Гүлім Ахметқанқызы жетекшілерге, яғни мектеп мұғалімдеріне арнап «Педагогтардың эмоционалды күйіну синдромының алдын-алу»  атты семинар-тренинг өткізді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

10-сыныптар арасында:

Орын
Аты-жөні
Мектеп
1-орын
Исимова Айдана
Риддер қаласы
2-орын
Нұрғуаныш Ажар
Құмарбекова Аружан
Құмарбекова Гүлім
Ұлан ауданы
Жамбыл атындағы ШҚО ДБАММ
Риддер қаласы
3-орын
Каримова Ботагөз
Мәдетберген Аймарал
Мухамадиева Дана
Өскемен қаласы әкімдігінің №48 орта мектебі
Өскемен қаласы әкімдігінің Абай атындағы №33  орта мектебі
Глубокий ауданы


11-сыныптар арасында:

Орын
Аты-жөні
Мектеп
1-орын
Жанат Лиза
Өскемен қаласы әкімдігінің Абай атындағы №33  орта мектебі
 
2-орын
Пазылбек Үміт
Ұлан ауданы
3-орын
Біләлова Нұрай
Жамбыл атындағы ШҚО ДБАММ


Биыл өткізілген VI Облыстық Олимпиада

жүлде қоры төмендегідей болды:

1-орын
Қазақстан-Американдық еркін университеті
Президентінің Гранты
2-орын
ҚАЕУ-де оқу ақысына 50 % жеңілдік
3-орын
ҚАЕУ-де оқу ақысына 40 % жеңілдік


Жеңімпаздарды құттықтап, ел болашағы боларлық білімді талапкер дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз!

Педагогика және психология кафедрасы

 

Яндекс.Метрика
© 1994-2020 Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ). Барлық құқықтар қорғалған.

Қазақстан Республикасы ШҚО,070018, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі,76

+7(7232)500-300  +7(7232)505-030   +7(7232)50-50-10   +7(7232)50-50-20 kafu_ukg@mail.ru